Атырау, 23 желтоқсан 08:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Семей әуежайына Мұхтар Әуезов есімін беру ұсынылды

2 843 рет қаралды


Тұрғындар алдында есеп берген ШҚО әкімі Даниал Ахметов Семей әуежайына белгілі жазушы әрі драматург Мұхтар Әуезовтің есімін беруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Семей - еліміздегі ең рухани-мәдени орталықтардың бірі. Абай, Шәкәрім және Мұхтар секілді ұлы адамдар осындай қасиетті жерде дүниеге келген. Олардың әрбірінің есімі бәріміз үшін де өте құнды", - деді Ахметов. Өңір басшысының айтуынша, бүгінде Семейде Абай мен Шәкәрімнің құрметіне көшелер аталған, Абай атындағы театр, Шәкәрім университеті бар, енді жаңа "Абай-Арена" мәдени-спорт кешені салынып жатыр. 

Семей әуежайының ұшып-қону жолағы мен терминалын қайта жөндеу үшін 10,6 миллиард теңге бөлінген. 2019-2021 жылдары Өскемен әуежайында қайта жаңғырту жұмыстары атқарылады. 

Сондай-ақ, Үржар ауылындағы әуежайдың ұшып-қону жолағы да күрделі жөндеуден өтеді, сол арқылы Алакөл көліне туристерді көптеп шақырмақ. Жобаның құны - 3,6 миллиард теңге. 

Айта кетейік, облыста Өскеменнен Семейге, Зайсанға, Үржарға және кері бағытқа, сондай-ақ, Үржардан Алматы мен Астанаға ұшатын рейстерге қаржылық көмек көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар, шағын авиацияны дамыту аясында Қатонқарағай ауданында туристерге арналған жаңа әуе айлағы пайда болады.

Дереккөз: tengrinews.kz


22 ақпан 2019, 14:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.