Атырау, 19 мамыр 10:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Алтынкөл станциясының басшысы парамен ұсталды

Бейнежазба
2 777 просмотра


"ҚТЖ" ҰК" Алтынкөл теміржол станциясының басшысы парамен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаменті жедел-іздестіру шарасын өткізу барысында Алтынкөл теміржол станциясының басшысының пара алу дерегі анықталды", - делінген хабарламада.


"Оған сыртқыэкономикалық қызметке қатысушылардан радиация нормасы шамадан асып кеткен вагондарды кедергісіз өткізу үшін жүйелі түрде жалпы сомасы 17,8 мың доллар болатын пара алды деген күдік келді", - деп хабарлады ведомство өкілдері. 

20 ақпанда күдікьі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалып жатыр. 

Сондай-ақ, Алматы облысы бойынша Ұлттық бюро департаменті Алматы облысы Үйғыр ауданы әкімінің орынбасарына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатқаны хабарланды. 

"Ол демеу көрсеткені үшін жалпы білім беру мекемелерінің жетекшілерінен бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінген. Тергеу жалғасып жатыр", - деді Жанна Бастарова.


 Дереккөз: tengrinews.kz

22 ақпан 2019, 12:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.