Атырау, 19 желтоқсан 00:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«WP Тәжікстандағы Қытайдың "құпия" әскери нысаны туралы жазды», «Калвидің тұтқындалуы Ресей экономикасы үшін “төтенше жағдай”», «Орта Азия елдеріндегі саясаткер әйелдер», «Ресейдің жаңа ядролық құралдары: аңыз әлде ақиқат?», «Ұлттың жеті қорғаны».

2 666 просмотра

AZATTYQ.ORG. «WP Тәжікстандағы Қытайдың "құпия" әскери нысаны туралы жазды» - The Washington Post (WP) басылымы Тәжікстан аумағында Қытайдың шекара бақылау-өткізу пункті орналасқанын жазды. Бірақ Душанбе де, Пекин де бұл ақпаратты ресми түрде хабарламаған.

«Ресейдің жаңа ядролық құралдары: аңыз әлде ақиқат?» - 2018 жылы наурыз айында Ресей президенті Владимир Путин ядролық қарудың алты түрін таныстырып, "әлемде бұларға тең келетін ештеңе жоқ" деді. АҚШ та, Ресей де биыл ақпанда 1987 жылғы орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою туралы келісімнен шығатындарын мәлімдегендіктен ядролық қару жасаудың жаңа кезеңі басталып келе жатқан сыңайлы. Путин әлемде Ресейдің жаңа зымырандарындай зымыран жоқ дейді. Мұнысы рас па?

QAMSHY.KZ. «Орта Азия елдеріндегі саясаткер әйелдер» - Әйелдерге 1893 жылы сайлауға түсу құқығын берген алғашқы мемлекет Жаңа Зеландия екен. Оның артынан Австралия да ерді. Аталмыш мемлекет 1902 жылы сайлауға әйелдердің де өзін үміткер ретінде ұсынуына рұқсат етті. Ал Еуропада Финск князі 1906 жылы әйелдердің сайлауға түсуіне мүмкіндік жасады. Ислам әлемінде әйелдердің сайлауға түсуін алғашқы болып қолдаған Қырым халық республикасы болды.

EGEMEN.KZ. «Туристік бағыттарды дамыту үшін ғылыми негіз керек» - Қазақстанда туризмді дамытуға жұмыстың атқарылмай жатқаны емес, сол жұмысты атқаруда дұрыс бағыттың жоқтығы кедергі болып отыр. Себебі осы саладағы бағдарламалар мен құжаттарда  нақты ғылыми-зерттеулердің нәтижесі пайдаланылмаған. Саланы зерттеген мамандар осылай дейді.

«Үйің болмай – күйің болмас» - Бүгінде басыңда баспанаңның болу-болмауы әлеуметтік жағдайыңның, қоғамдағы орныңның, материалдық-қаржылық ахуалыңның белгісі іспетті. Жеке пәтері бар адам өзін ауқатты демей-ақ қояйық, әйтеуір қаржысы жеткілікті адам ретінде сезінетіндей жағдайға жетті. Тіпті 10-15 жылдай уақытша бас­панада тұрып, кейін әупірімдеп жүріп пәтер алғандар кәдімгідей мақтанып, бұл әрекетін үлкен ерлікке балап жүр. Демек, бүгінгі қоғамда баспана әлеуметтік жағдайдың индикаторы болып тұр.

«”Қолғабыс” – арнаулы көмек көрсетуді көздейтін жоба» - Ана мен бала, оның ішінде көп балалы отбасыларды қолдауға берілетін көмек көлемін көбейтуге қатысты мәселелер өңірлерде талқыланып, аналардың мұң-мұқтажы мен талап-тілегі ескерілген жоба-жоспарлар жасалуда.

INFORMBURO.KZ. «Ұлттың жеті қорғаны: қазақтың жағдайы қалай?» - Ұлттың жеті қорғаны: бірін жоғалса, не болмақ? Қазаққа қандай ұлтты сіңіру оңай және сіңгендері бар ма? Шетелдегі қазақтар бөтен ортада қалай өмір сүреді?

365INFO.KZ «Калвидің тұтқындалуы Ресей экономикасы үшін “төтенше жағдай”» - Есеп палатасының басшысы Алексей Кудриннің пікірінше, Baring Vostok басышысының тұтқындалуы — Ресей экономикасы үшін «төтенше жағдай», деп хабарлайды РБК.

ABAI.KZ. «"Қараш-Қараш оқиғасындағы" Бақтығұлдың прототипі – Уса-қырғыз...» - Жазушы Мұхтар Әуезовтың «Қара-Қараш оқиғасы» хикаятын білмейтін қазақ жоқ десе де болады. Осы шығарма желісімен «Асуда атылған оқ» деген кино да түсіріліп, қырғыз актері Сүйменқұл Шоқмаров бас кейіпкер - қайсар да, кекшіл жігіт Бақтығұлдың бейнесін тамаша етіп сомдап шыққаны да ел есінде. Сондағы Бақтығұл деген өр мінезді, қайратты, бір басына жетерлік ақылы мен тәуекелі де бар, намысты жігіт кім? Өмірде шынымен болған адам ба?


21 ақпан 2019, 09:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.