Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәнінің мұғалімі Фоман де ЛАКРУЗ қазақ тілін үйренуге бел байлаған. Бірақ филиппиндікке сағаттап оқулықтардан үйрену біраз іш пыстырарлық болып көрініп, қазақ тілін отандық орындаушылардың әндерінің көмегімен игеруге шешім қабылдапты.
Бұрын бір әнді үйрену үшін Фоманға үш ай уақыт кететін, ал қазір бір күн де жетіп қалады. Айтылуын караокемен айтып жаттығады, мәзірде қажет нәрсесі қазақ тілінде жоқ болса, қынжылып қалады.
- Бірінші қай әнді жаттадыңыз?
- «Армандаймын адам боп жаралған соң» әнін. Алғаш оны «Қазақстан дауысы» телешоуында естідім. Көңіліме қатты ұнады. Содан кейін «Ханшайымым-ау» әнін жаттадым, оны мектеп шараларының бірінде айтқанымда, әріптестерім мен студенттер қайран қалды. Караокеде басқа келушілер мен ән айтқан кезде үнемі бақылап отырады, ұлтым кім екенін түсінуге тырысады.
- Сіз қазаққа ұқсайсыз.
- Шын ба?! Рахмет! – деп риясыз күлімсіреді сұхбаттасушым.
- Аудармасына және дұрыс айтылуына біреу көмектесе ме?
- Әрине! Достарым да, студенттер де көмектеседі. Кейде, менің орындау мәнерім тұпнұсқасынан да асып түседі деп қолпаштап қояды. Мұны жақсы баға алу үшін айтпайтын шығар деп үміттенемін (күледі).
- Фоман, Атырауға қалай келдіңіз?
- Жалпы Қазақстанмен таныстығым Қарағандыдан басталды. Ол жаққа осыдан 4 жылдай бұрын математика пәнінен сабақ беру үшін барғанмын. Бірақ ол жақтың суығын-ай! Отбасым маған Филиппиннен Қарағандыға келген еді. Бірақ сұмдық суық болғасын көп бола алмай, кетіп қалды.
- Ал бізде қалай?
- Атырау шағын, жинақы қала. Бір-бірін жақсы таниды. Климат та Қарағандыға қарағанда едәуір жұмсақ. Маған бұл жер ұнайды, әсіресе тамағы! – дейді шаттанған Фоман.
- Шетелдік үшін стандартты гастрономиялық сұрақ: бешбармақ қалай? Жеп көрдіңіз бе?
- Иә, жеп көрдім, бірақ фишбармақты көбірек жедім. Қарағандыдағы достарыма мақтанып қоям, өйткені онда мұндай тамақ дайындамайды. Бекер.
Анастасия АЛЮШИНА
Сурет пен бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ