Атырау, 10 желтоқсан 23:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Атыраулықтар несие сырқатына ұшыраған

3 042 просмотра

2010 жылдың жұмыс қорытындылары бойынша осындай тұжырым жасауға болады.

Өткен жылы дағдарыстың (және жоғары банк пайыздарының) әсерінен қазақстандықтардың несиені аз пайдаланғаны анықталып отыр. Еліміздегі жалпы ахуал осындай. Облыс бойынша жекелеп алғандағы көрініс басқаша. Егер еліміз бойынша екінші деңгейлі банктердегі несиелер көлемі күрт төмендегені (93 пайызға дерлік) байқалса, бізде өскен. Өткен жылы екінші деңгейлі банктердің жергілікті филиалдары берген несие сомасы біздің облысымызда 99 млрд. теңге құрайды. Оның 30 млрд. теңгесі жеке тұлғаларға берілген. Кісі басына шаққанда облыстың әр тұрғыны 2010 жылы банктерден 57 мың теңге несие алған. Осындай цифр еліміз бойынша - 35,9 мың теңге 

Тиісінше, біз бережақ көлемі бойынша көшбасшымыз. Қазақстан бойынша ол бір тұрғынға шаққанда 132,9 мың теңге құрайды, біздің облысымыз бойынша – 154,4 мың теңге. Мерзімі өткен бережақ сома 2011 жылдың 1 қаңтарында 9,9 млрд. теңге құрады (12,4 пайызға көбейді), оның ішінде жеке тұлғада – 7 млрд. теңге (14 пайызға өсті), заңды тұлғада – 2,9 млрд. теңге (8,8 пайызға көбейді). Екінші деңгейлі банктердің жергілікті филиалдарындағы несиелер бойынша Қарабатандағы қызметкерлердің алдағы жаппай қысқаруына байланысты қарыз үлесі көбеюі мүмкін деген қауіп бар.   

САЛТАНАТПЕН ӨМІР СҮРУГЕ ТЫЙЫМ САЛА АЛМАЙСЫҢ

Халық арасында тұтынушылық мақсатқа несие алу кеңінен тараған. Өткен жылы оның көлемі 2009 жылы 2,7 есеге (7 млрд. теңгеден 19 млрд. теңгеге) өсті. «Берілген несиенің 20 пайызы дерлік тұтыну мақсатына жұмсалады. Адамдар іс жүзінде банктерден техника, той, құдалық және т.б. үшін несие алады, - дейді Ұлттық банктің Атырау филиалының директоры Қозыбақ ҚҰЛБАРАҚОВ. – Егер тұтынушылық несиелер бойынша жеке-жеке бөліп қарайтын болсақ, 3D форматында жұмыс істейтін жарықдиодты теледидарлар немесе ұялы телефондардың саны туралы тұжырым жасауға болады. Ең қымбаты - тұтынушылық несиелері, банктер өз тәуекелдерін пайыздарға салады. Ал халық өздерінің бір сәттік тілектерін қанағаттандыру үшін үлкен пайыздарға ұрынады».

…АЛ ӨЗІҢДІКІН БЕРЕСІҢ!

Депозиттердегі салымдар бойынша да біз ерекшеленеміз. Жалпы дағдарыс қазақстандықтарды ақша жұмсаудан гөрі, сақтауға көбірек мәжбүрледі. Алайда таяқтың ұшы қайтадан өзімізге келіп тиеді.

- Ақшаны кейінге сақтап, жинақтай бастаудың орнына, көпшілігі қымбат машина немесе тұрмыстық техниканы сатып алады. Алайда бөгдеден алып, өзіңдікін қайтарасың деп текке айтылмаған ғой, - деді қынжыла Ұлттық банктің жергілікті филиалының басшысы. 

Екінші деңгейлі банктердегі салымдар бойынша ахуал цифрлармен былайша көрініс табады: әр адамға еліміз бойынша 2011 жылдың 1 қаңтарында 117 мың теңгеден келеді, Атырау облысы бойынша 82 мың теңге.

Керісінше, шағын кәсіпкерлік субъектісін несиелеу көлемі құлдырап кетті. Айтпақшы, бұл төмендеу көрсеткіші байқалатын бірден бір сала. Өткен жылы 2009 жылмен салыстырғанда кәсіпкерлер бір миллиард теңгеге аз несие алыпты. Бұл қаржылық дағдарыстың кәсіпкерлерге қатты соққы болғанын білдіреді.

ЭКОНОМИКА-2011

Дүниежүзілік экономиканың әлі де тұрақталмағанын ескерген Ұлттық банк үш сценарий жасақтаған. Біріншісі – егер мұнай бағасының бір баррелі 35 долларға дейін құлдыраса, екіншісі 65 долларға құлдырайды, үшіншісі – 80 доллар деңгейінде қалады. ҚР Ұлттық банкінің бағалауы бойынша, бірінші сценарийдің ықтималдығы әжептәуір төмен. Алайда тіпті шикізат бағасы 35-ке дейін төмендеп кетсе де, Ұлттық банк «2011 жылы Қазақстан экономикасы болмашы қысқарып келіп, 2013 жылы 2 пайызға дейін нақты өседі» деп жорамалдап отыр

Ұлттық банк 2011 жылдың ақшалай-несиелік саясатының шаралары жасақталған үшінші сценарийді анағұрлым ықтималды деп есептейді.

Қ.Құлбарақовтың айтуынша, 2011 жылы инфляция 6-8 пайыз шамасында болмақ.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

10 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.