Атырау, 19 мамыр 02:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Он үш жасар жасөспірім екі баланы өрттен аман алып қалды

2 356 просмотра


Шымкенттегі Абай ауданы Құрсай шағынауданындағы жеке үйлердің бірінен өрт шығып, үй ішінде қалған екі баланы он үштегі жасөспірім құтқарып қалған. Үйден өрт шыққанда үйде ата-анасы болмаған екен. Үш бала ғана болған.

Түтіннен құтылып шыққан үлкені көмек сұрап көршілеріне жүгірген. 13 жастағы көршінің баласы өрт шыққан үйге тайсалмастан кіріп кетеді. Сөйтіп 2013 жылы туған қыз бала мен 2015 жылы туған ұл баланы өрттен аман алып шығып үлгереді. Өйткені лезде содан кейін ақ үйді тілсіз жау толық шарпып үлгереді. Батылдығы мен қайсардығының нәтижесінде 2005 жылы туған 13 жасар жасөспірім екі бірдей өмірді аман алып қалды.


«16 ақпан күні Шымкент қаласы Абай ауданы Құрсай шағынауданы,  Жаңа талап көшесіндегі времянкалардың бірінен өрт шыққаны туралы хабарлама Шымкент қалалық ТЖД кезекшілік пультіне сағат 16.39-да кеп түскен. Нөмірі бірінші өрт сөндіру қызметінің 14 адамнан құралған жеке құрамы тілсіз жауды ауыздықтауға жұмылдырылған. Өрттің жалпы аумағы 60 шаршы метр. Өрт толығымен сағат 18.30-да сөндірілді»-деп хабарлайды Шымкент қалалық ТЖД басқармасының баспасөз қызметі.

Дереккөз: otyrar.kz

18 ақпан 2019, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.