Атырау, 23 желтоқсан 06:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Наурыз айында қазақстандықтар неше күн демалады?

2 603 рет қаралды


Қазақстандықтар 2019 жылдың наурыз айында 14 күн демалады. Бұл туралы электронды үкімет сайты хабарлайды. 

Мерекеге толы айда 17 жұмыс күні және 14 демалыс күні деп есептелінген. Көктемнің алғашқы айында тұрғындар екі айтулы мерекені атап өтеді. 

Алғашқысы 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні биыл жұма күніне түсіп отыр. Сол себепті қазақстандықтар тағы 2 күн сенбі мен жексенбіде демалады. 

Ал келесі үлкен демалыс ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде 5 күн демалатын болады. 23 наурыз сенбіге түскендіктен, дүйсенбі 25 наурыз күні де демалыс болып есептеледі.

Дереккөз: 24.kz

18 ақпан 2019, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.