Атырау, 20 сәуір 10:14
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Хабиб Нурмагомедов қазақ қызына бағалы сыйлық тарту етті

1 320 просмотра


Сәуле Болатбаева Хабиб Нурмагомедов жариялаған конкурстың жеңімпазы атанған. Ақтөбе тұрғыны Сәуле Болатбаева Хабиб Нурмагомедов жариялаған конкурстың жеңімпазы атанды. Конкурс қорытындысы 2018 жылдың 30 желтоқсанында шығарылған. Ақтөбелік қызды арнайы Мәскеуге шақырып, чемпион өз қолымен Toyota Camry көлігінің кілтін табыстады.

Хабиб Нурмагомедовтың Instagram-дағы конкурсының жеңімпазы атанғанын отандасымыз Сәуле Болатбаева жаңа жыл қарсаңында естіп, қатты қуанған екен.

Чемпион Мәскеуде сыйлықты өз қолымен ұсынады дегенді естігенде қыздың төбесі көкке жеткендей болады.

Хабиб Нурмагомедов пен Сәуле Болатбаеваның кездесуі 17 ақпанда болды. Чемпионмен түскен суретін конкурс жеңімпазы өзінің Instagram парақшасында жариялапты.

"Асыға күткен сәт", - деп жазды ол.

Сәуле Болатбаева осы постты жариялаған бойда, желі қолданушылары құттықтап, жылы лебіздерін жаудырды. Бірақ бұл суреттің шынайы екеніне күмәнданғандар да табылыпты.

Дереккөз: sputniknews.kz

18 ақпан 2019, 09:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.