Атырау, 23 желтоқсан 06:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстан президентінің отставкаға шығу құқығы бар

2 289 рет қаралды


Конституциялық кеңес Қазақстан президентінің Конституцияның 42-бабы 3-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтінішіне жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Конституцияның 42-бабы мемлекет басшысының өкілеттіктерін тоқтату шарттарына қатысты.

"Мемлекет басшысының өтінішінде Конституцияның 42-бабының 3-тармағында белгіленген Қазақстан Республикасы президентінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату негіздерінің тізбесі толық болып табылады ма деген сұрақ қойылған болатын. Конституциялық Кеңес аталған нормада президенттің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату негіздері толық емес деп түсіндірді.

Кеңестің пікірінше, негізгі заңнан мемлекет басшысының отставкаға шығу құқығы туындайды. Аталған құқық президенттік басқару нысаны мен Республика президентінің конституциялық мәртебесінің элементі болып табылады. Ол адам әрі Қазақстан азаматы ретінде президентке тиесілі және әр тұлғаның конституциялық құқықтарын, соның ішінде еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығын бекітетін Конституцияның басқа да ережелерінен туындайды. Конституциялық Кеңес Конституция 42-бабының 3-тармағындағы "сондай-ақ президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған...жағдайда..." деген сөз тіркесі оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатудың негізі ретінде мемлекет басшысының отставкаға шығуын да қамтиды деп есептейді", - делінген хабарламада.

Нормативтік қаулының толық мәтіні баспасөзде жарияланады.

Дереккөз: sputniknews.kz

15 ақпан 2019, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.