Атырау, 25 сәуір 06:21
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қазақстандық кәсіпқой боксшы WBA рейтингінде бірінші орынға көтерілді

1 702 просмотра


Кәсіпқой бокстан жеңіл және екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионы Фируза Шәріпова Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) рейтингісінде көш бастап, тағы бір чемпиондық белбеуге міндетті үміткер атанды.

Фируза Шәріпова ирландиялық Кэти Тэйлорды жеңсе, кезекті белбеуге қол жеткізеді. Жекпе-жектің өтетін күні мен орны кейінірек анықталады. 

Қазіргі таңда Фируза Шәріпова WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Ева Вальстремге қарсы жекпе-жегіне дайындалып жатыр, деп жазды sports.kz.

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы кәсіпқой бокстағы ең көне халықаралық қауымдастық саналады. Әр жылдары WBA тұжырымы бойынша Майк Тайсон, Мұхаммед Әли, Геннадий Головкин және тағы әлемдік бокс жұлдыздары чемпион болды.

 Дереккөз: sputniknews.kz

 

15 ақпан 2019, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.