Атырау, 24 сәуір 22:26
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Астана әкімі көп балалы аналармен кездесуге мәжбүр болды

1 693 просмотра


Астана әкімі Бақыт Сұлтанов көп балалы аналармен кездесуге мәжбүр болды. Бұған дейін бұл шараның болмайтыны хабарланған еді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Көп балалы әйелдер 15 ақпан күні таңертең елордалық әкімдік ғимараты алдына жиналып, қала басшылығымен кездесуді талап етті.


Бұдан бұрын әкімдік көп балалы аналардың Сұлтановпен кездесуі болмайтынын жариялап, отбасылардың бүкіл мәселесі аудандық әкімдіктерде қаралады деп мәлімдеген еді. Әйелдер ұсыныстарын жазбаша түрде бере алады. Алайда бұл шешім көп балалы аналарды қанағаттандырмады.


Әкімнің сөйлеген сөзінен соң, көп балалы әйелдер ұсыныстарын айғайлап айтып, сахнаға қарай ұмтылды. Халық жиналған залда аласапыран басталып кетті.

Бірнеше минуттан соң әйелдер сабырға келді. Сахнадағы микрофонға көпбалалы аналардың бірі шығып, жиналғандарды өз орындарына отыруға шақырды. Модераторлар әр әйелге өз мәселесін айтып жеткізуге мүмкіндік беріледі деп сендірген. Залға кіреберісте азаматтарды қабылдау жүріп жатыр.


Дереккөз: sputniknews.kz

 

15 ақпан 2019, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.