Атырау, 23 желтоқсан 06:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстандық әлем чемпионы хан сарайындай зәулім үйін сатқалы жатыр

Сурет
1 528 рет қаралды

Қазақстандық әлем чемпионы Лас-Вегастағы үйін бес миллион доллардай сомаға сатуды жоспарлады, деп жазады Sports.kz.

Ауданы 1,5 мың шаршы метр үш қабатты үй мен жер учаскесі 4,75 миллион доллар деп бағаланған. Зәулім үйдің ауданы 880 шаршы метрді құрайды. Бөлмелердің кеңдігі сонша – тіпті танымал баскетболшы, "дәу" Шакил О"Нил өзін кішкентай сезінер еді, деді Шеннон Смита.

Үйде алты жатын бөлме, тоғыз жуынатын бөлме, кинотеатр, шарап сақтайтын қойма және лифт бар.

Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов – WBA бойынша бірінші ауыр салмақ дәрежесінде "тұрақты" әлем чемпионы. Соңғы жекпе-жегі 2018 жылы шілдеде өтті, ол кезде қазақ жігіті Хизни Алтункайды жеңген болатын.


Дереккөз: sputniknews.kz

 

 

15 ақпан 2019, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.