Атырау, 29 наурыз 09:47
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Астанада көпбалалы аналар билікке талап қойды

1 610 просмотра


15 ақпанда Астана қаласындағы "Конгресс-холл" залына жиналған жүзден астам адам әлеуметтік мәселелерін айтып, қала әкімімен кездесуді талап етті.

Шарадан тікелей эфирде хабар таратқан Азаттық тілшісінің хабарлауынша, мұнда бүгін әкімдік өкілдері "Ашық есік күні" шарасын өткізбек болған. Бірақ оған қала әкімі Бақыт Сұлтанов және оның орынбасарлары келмеген. Астана қалалық әкімдік өкілдері Азаттық тілшісіне тек басқарма жетекшілерінің келетінін хабарлаған.

Залда билік өкілдеріне өтініш жазып тұрған көпбалалы аналардың бірі Азаттық тілшісіне отбасымен бірге екі бөлмелі времянканы жалдап тұратынын, биліктен баспана мәселесін шешіп беруді талап етіп отырғанын айтты.

Шара қазір жалғасып жатыр.

Дереккөз: Аzattyq.org

15 ақпан 2019, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.