Атырау, 23 желтоқсан 06:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Астанадағы полицейлер төбелесі: 5 қызметкер жұмыстан қуылды

3 348 рет қаралды


Астана қаласы полиция департаменті полицейлер арасындағы төбелес фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізді. Бұл туралы ҚазАқпаратқа Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіде таралған видеода екі полицей жекпе-жекке шыққаны байқалады. Сонымен қатар формадағы тағы үш полицей бұл көріністі бақылап тұрған.  «Тексерус қорытындысы бойынша жол-патрульдік полициясының рота командиріқызметінен босатылды. Жол-патрульдік полициясы басшылығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Төбелес кезінде болған бес адам, яғни екі учаскелік инспектр мен үш жол-патрульдік полицей ішкі істер органдарынан шығарылды», - делінген хабарламада.

Дереккөз: inform.kz

14 ақпан 2019, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.