Атырау, 24 наурыз 10:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

Қазақстанның ВІО белгісі бар өнімдері Будапештте сатылуда

2 525 рет қаралды


Будапештте «ВІО» санатындағы супермаркеттерден Қазақстанда шығарылған өнімдерді сатып алуға болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

«Бүгін Будапешттің «ВІО» санатындағы азық-түлік супермаркетінен Қазақстанда шығарылған өнімді байқадық. Бұл санат өнім сапасының да, бағасының да жоғары екендігін әрі экологиялық таза екендігін білдіреді», - деп жазады Қазақстанның Венгриядағы елшісі Нұрбақ Рүстемов Facebook-тегі парақшасында. 

Елшінің айтуынша, бұл кішкене болса да Қазақстанның аграрлық секторының үлкен әлеуетінің көрсеткіші. «Еуропа елдерінің азық-түлік импортының көлемі мен географиясын ескерсек, біздің кез келген өнімді сататын нарық үнемі болады. Прогресшіл технологияларды енгізіп, тазалық пен сапалылықты қамтамасыз етсек, жетіп жатыр», - дейді ол. Нұрбақ Рүстемовтің айтуынша, Венгрияға Қазақстаннан мөңке балық та импортталады.

Дереккөз: inform.kz

14 ақпан 2019, 08:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.