Атырау, 23 желтоқсан 10:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Астанадағы ірі өрт: құтқарушылар оқиғаның мән-жайын айтты

1 846 рет қаралды


Өртену аумағы шамамен 1 200 шаршы метр болған. Астананың сол жағалауында шыққан өртті төтенше жағдайлар қызметінің 67 қызметкері сөндірген.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 13 ақпанда кешкісін Астанада ірі өрт болды, Тұран көшесінде орналасқан Highvill Kazakhstan кеңсе ғимараты өртенген. Оқиғаның видеосы желіде жарияланды.

Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын айтты. Өрт туралы хабар 21:11-де жетіп, бес минуттан соң оқиға орнына бірінші өрт сөндіру жасағы келген. Құтқарушылар келгенде ғимараттың ішкі конструкциясы құлап, өртті кеңсенің сыртынан сөндіруге тура келді.

"Төтенше жағдайлар комитетінің басшысы Владимир Беккердің басшылығымен жедел штаб құрылды", - деп атап өтті ведомство. Өрт 22:45-те ауыздықталып, 01:42-де толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге елорданың төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 67 адам және 17 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылған.

Болжам бойынша, өртену аумағы 1 200 шаршы метр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Дереккөз: sputniknews.kz

14 ақпан 2019, 08:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.