Атырау, 17 ақпан 13:15
Кешке бұлыңғыр болады-1, түнде 0
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 376.37  € 424.02  P 5.63

​Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанның ішкі істер министрі болып тағайындалды

12 ақпан 14:49


Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанның ішкі істер министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорда.

"Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалсын", - делінген Елбасының жарлығында.


Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев ІІМ-нің жаңа тағайындалған министрі Ерлан Тұрғымбаевты ұжымымен таныстырды деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты

Бақытжан Сағынтаев Қасымовқа атқарған қызметі үшін алғысын білдіріп, жаңа қызметінде сәттілік тіледі.

Бұл қызметке ол Қалмұхамбет Қасымовтың орнына келіп отыр. Осыған дейін, Тұрғымбаев ҚР ішкі істер министрінің орынбасары қызметінде болған (2012 жыл).  

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев 1962 жылы 14 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Заң ғылымдарының кандидаты (2004), полиция генерал-майоры. 

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін (1984) заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша; әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қаржы және несие факультетін (2003) экономист мамандығы бойынша бітірген.

1984 жылдан - Қарағанды облыстық ІІБ Саран ауданының ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімшесінің жедел өкілі.

1986 жылдан - Алматы қалалық ІІБ Алатау АІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі, аға тергеушісі, тергеу бөлімі бастығының орынбасары, ІІББ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары.

1993 жылдан - Алматы қалалық ІІББ Тергеу басқармасы бастығының орынбасары.

1995 жылдан - Алматы қалалық ІІББ Калинин АІІБ бастығы.

1996 жылдан - Алматы қаласы Калинин ауданы бойынша МТК ББ бөлім бастығы.

ҚР Мемлекеттік салық комитетінің Салық полициясы бас басқармасында Салық тергеулері басқармасының бастығы.

1997 жылдан - Алматы қалалық ІІББ Тергеу басқармасының бастығы, Алматы қалалық ІІББ Жетісу АІІБ бастығы, Алматы қалалық ІІББ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары.

2000 жылдан - ҚР ІІМ 9-шы департаментінің бастығы.

2002 жылдан - ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы.

2003 жылдан - СҚО ІІБ бастап 2006 жылдан - ҚР ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы.

2006 жылдың шілде айынан бері- Алматы қаласының ІІД бастығы. 


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

293 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

1 2 3