Атырау, 17 ақпан 12:30
Күндіз бұлыңғыр болады+2, кешке -1
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 376.37  € 424.02  P 5.63

Ақышев теңгенің неге нығайып жатқанын айтты

12 ақпан 11:09


Ұлттық банк теңгенің еркін айырбас бағамы режимін жалғастырады. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев теңге бағамының нығаю себептерін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ақышевтың айтуынша, 2019 жылдың қаңтарынан айлық инфляция 0,5 процентті құраса, жылдық инфляция 5,2%-ке баяулаған. 14 қаңтарда Ұлттық банк базалық ставканы 9,25% деңгейінде сақтады.

"Жыл басынан бері теңгенің нығайып келе жатқаны байқалады. 8 ақпандағы жағдай бойынша теңге бағамы 1,4 процентке нығайып, бір доллар 378,73 теңгені құрады. Бұған мұнай нарығындағы қолайлы коньюнктура мен Ресей рублінің нығаюы ықпал етті", - деді Ақышев үкімет отырысында.

Ол Ұлттық банк теңгенің еркін айырбас бағамы режимін жалғастыратынын атап өтті.

Сондай-ақ, Ақышев баяндағандай, алдын ала мәлімет бойынша қаңтар айының соңында Ұлттық банктің алтын-валюта қоры 30,6 миллиард долларды құраған.

Ұлттық банктің активтері – 58,2 миллиард доллар, жалпы халықаралық резервтер – 88,8 миллиард доллар.

Дереккөз: sputniknews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

131 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

1 2 3