CAMONITOR.KZ. «Қазақстанның шетелдегі имиджі: біз нені дұрыс істемей жұрміз?» - Қазақстан өзінің шетелдегі имиджін қалыптастыруға әрдайым елеулі байсалдылықпен қарайтын. Бірнеше жыл бұрын мемлекеттің осы мақсаттарға бөлген сомасы жыл сайын 50 миллион долларды құрайды деп айтылды. Бірақ соның нәтижесі бар ма? Бүгінде Қазақстанның әлемдегі беделі қандай? Шетелдік адамдар Қазақстанды немен байланыстырады? Әлемде біздің отандастарымыздың қайсысы және қандай жетістіктерімен танымал?
«Қазақ тілі: ешкім үйренгісі келмеді ме?» - Қазақстанда тәуелсіздіктің барлық жылдары бойы, шын мәнінде, екі тіл саясаты жүргізіліп келеді: біреуі – мемлекеттік, екіншісі – «халықтық». Ал егер біріншісін босаңсыған, немқұрайды деп сипаттауға болса, екіншісі бытыраңқы және тіпті стихиялық болды. Олар сирек қиылысқан, бірақ, оған қарамастан бірі-бірін толықтыратын. Бұдан не шыққаны жөнінде біз қоғамдық қайраткер, журналист, заңгер және экономика магистрі Асхат Асылбековпен әңгімелесеміз.
«Отан неден басталады? Қазақ патриотизмінің бұрмаланған айнасы» - Қазақстан қоғамының ең маңызды мәдени проблемаларының бірі болып табылатын мәселе - ол параллельды екі әлемнің, яғни қазақтілді азаматтар әлемімен орыстілді азаматтар әлемінің қатар өмір сүруі деп айтсақ, жаңалық ашпаспыз. Алайда олардың арасындағы шекара тек тілдің айырмашылығында болса, онда ол мәселе соншалықты қорқынышты болмас еді. Бірақ психикалық түсініспеушілікке байланысты мұндай өзаралық бөліну кейде одан әрі ауырлайды.
«Қазақ КСР мен Қазақстандағы көп балалы адамдар жағдайындағы айырмашылығын сезініңіздер...» - Жақында «Евразия Бірінші арнада» Аман Тасыған жүргізетін «Кешкі кездесу» циклында кезекті ток-шоуы көрсетілді. Әңгіме қазіргі қазақ отбасыларындағы бала туу тақырыбына қатысты болды. Өкінішке орай, бағдарламаны толық көре алмадым, бірақ соның өзінде ол кейбір ойлар тудырды.
DALANEWS.KZ. «Қазақ ұлтшылдығын орыс ұлтшылдығымен шатастырмасын» - Қазақ ұлтшылдығы кімге күн көрсетпей жүр?Кімге тізесін батырды ол осы күнге дейін? Жоғалтқанын түгендеп жатқан жоқ па, түптеп келгенде? Оны құбыжыққа қылғысы келетіндердің түпкі ойы неде? Қазақ ұлтшылдығының саяси күшке ұласуы кімге қауіп, кімге қатер? Танымал журналист Арман Шораев осы төңіректегі көңілге түйгенін тұжырымдап, орыс шовинистерінің шымбайына бататын шындықты айтыпты.
365INFO.KZ «Өзбекстанда президентке ән арнауға тыйым салынды» - «Өзбекконцерт» басшысы Одил Абдукаххоров әншілерді президентті мақтап ән айтпауға шақырды.
«Елбасы қаңтарда неге басымдық берді және не шешілді?» - Қаңтар айында Ақорданың ресми лентасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 18 ірі жұмысы туралы хабарлады. Тақырыптық кесте белсенді болды — екінші орында жүздесулер, оның бірі Ақмола облысына сапар.
«Қырғызстан мен Өзбекстан Қытайдың көмегімен тығырықтан шығудың жолын іздеуде» - Екі ел арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келеді және қытайлық жобалар бұған көмектесуде. 2018 жылы екі жақты тауар айналымы $481 млн-ға жетіп, екі есеге өсті. 2017 жылмен салыстырғанда $227,3 млн-ға (немесе 89,8%-ға) артты. Егер динамика сақталса, аймақта Қырғызстан мен Өзбекстанның мүдделерін қорғайтын жаңа одақ пайда болады.
AZATTYQ.ORG. «Бұрынғы сот төрағасы халықаралық қолдау іздейді» - Сот жюриінің тәртіптік комиссиясы Ақтау қалалық сотының төрағасы Мәлік Кенжалиевті «коттедж құрылысы дауына» қатысты қызметінен босатты. «ҚДТ жақтастарының» ісін қараған экс-судья бұл шешімнің «саяси астары бар» деп, халықаралық ұйымдар мен Батыс елдерінен қолдау сұрады.