Атырау, 28 қараша 19:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Эстонияда Ресейге тыңшылық еткен екі адам сотталды

1 736 просмотра


Эстония соты елдің қорғаныс күштері бас штабының бұрынғы офицері майор Денис Метсавас пен оның әкесі Петр Волинды Ресей мүддесіне тыңшылық жасағандары үшін айыпты деп таныды. Сот үкімімен Метсавас 15 жылға, Волин 6 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Postimees басылымы.

Тергеу қорытындысы бойынша, Денис Метсавас пен Петр Волин Ресей қарулы күштері бас штабының бас басқармасына (бұрынғы ГРУ) құпия мәліметтер берген. Метсавас ресейлік барлауға 10 жыл, оның әкесі 5 жыл бойы жұмыс істеген. Құпия апқаратты бергені үшін олар ақша алған.

Денис Метсавас пен Петр Волин 2018 жылы қыркүйекте тұтқындалған. Эстония қорғаныс күштері басшысы генерал Рихо Террас айыпталушылардың іс-әрекеті Эстония мен НАТО-ға зор нұқсан келтірді деп мәлімдеді. Алдын ала деректер бойынша, айыпталушылар Ресейге Эстонияның әріптестері, әскери инфрақұрылымы және одақтастарымен байланысы туралы ақпаратты берген деп жазады Baltija.eu.

Метсавас Эстония армиясы қатарындағы қызметін 1998 жылы бастаған. Артиллериялық әскери бөлімде және бас штабта қызмет атқарған кезде елдің қорғаныс жоспарын құруға қатысқан. Петр Волин совет билігі тұсында СССР мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне (КГБ) қарасты шекара әскерінде қызмет атқарған. Эстония тәуелсіздігін жариялағаннан кейін ол жазаларды орындау қызметінде жұмыс істеген.

Дереккөз: azattyq.org

12 ақпан 2019, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.