Атырау, 22 ақпан 09:34
Күндіз ашық+3, кешке -3
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 375.95  € 425.80  P 5.74

​Аңызға айналған "қара майор" қайтыс болды

12 ақпан 09:34


Ауған соғысының ең танымал ардагері, арнайы мақсаттағы 177-ші отрядтың командирі, Қазақстан Қарулы Күштерінің аңыз адамы, отставкадағы полковник Борис Керімбаев қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinewss.kz тілшісі. 

Ақпаратты "Боевое братство" ардагерлер одағының басшысы Сергей Пашевич растады. 12 ақпанда таңертең "Қара майордың" қайтыс болғаны туралы белгілі болды. Ол 8:50-де өмірден өткен.  Жақында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Борис Керімбаевқа ҚР ҚМ әскери-клиникалық госпиталіне барды. Әскери ведомство басшысы оған ҚР Әскери барлау алдындағы еңбегі үшін "Алтын үкі" төсбелгісін, алғыс хат пен бағалы сыйлық табыстады.  

Борис Керімбаев 1948 жылы 12 қаңтарда Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Прудки ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Ташкенттегі Ленин атындағы жоғары қолбасшылық училищесіне түсіп, оны аяқтаған соң 1970 жылы Германиядағы кеңестік әскер тобына жіберіледі. 1973 жылы барлау ротасының командирі болады. 1977 жылы штаб басшысының орынбасары, ал кейінірек Теміртаудағы 52 857 әскери бөліміндегі мотоатқыштар батальонының командирі болып тағайындалды. 

1980 жылы Эфиопияға аттанады. Ал 1981 жылы (ГРУ-ға қарасты) 22 (АЖБО) негізіндегі 177 бөлек арнайы жасақ отрядының командирі болып тағайындалады. Керімбаевтың тағдырына әсер еткен дәл осы тағайындау еді.  Керімбаев басшылық еткен сарбаздар азиялықтардан (қазақ, қырғыз, өзбек және тәжіктерден) құралғандықтан "мұсылман" батальоны атанып кеткен.  1989 жылы отряд Ауғанстаннан ақырғы болып шықты.  

Борис Керімбаев басшылық еткен 177-ші отряд сапында генерал-полковник Сәкен Әділханұлы Жасұзақов, генерал-майор Мұқан Естайұлы Дүйсекеев сияқты болашақ қорғаныс министрлері де болған. 

Дереккөз: tengrinews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

151 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

1 2 3 4