Атырау, 23 желтоқсан 08:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Бекболат Тілеухан радиода хабар жүргізе бастады

2 480 рет қаралды


Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан Қазақ радиосында «Қоңыр әңгіме» атты хабарды жүргізе бастады. 

Хабар бүгіннен бастап эфирге шықты. Бұл туралы «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры  Құрманбек Жұмағали Фейсбуктегі жеке парақшасында жазды. Оның айтуынша, аталған бағдарлама Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында жүргізіліп отыр.   

«Ондағы мақсат ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ғасырлар бойы қалыптасқан бай мұраны ұрпақ санасына сіңіру. Қазақ радиосының эфиріне әр дүйсенбі күні сағат 20:00-де шығатын «Қоңыр әңгіме» хабарының алғашқы саны «Ұлттық код» тақырыбына арналады. Хабардың жүргізушісі Мәжіліс депутаты, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан», - деді Қ. Жұмағали.

Дереккөз: inform.kz

11 ақпан 2019, 20:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.