Атырау, 25 қараша 09:31
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Балық қуған балықшылар

Сурет
3 009 просмотра


Жайықтан балық аулау қазіргі кезде биржада ойнаумен барабар. Қармақты үкіге салмас бұрын өзеннің қай жерінде қармақтың жақсы қабатынын сұрау үшін достарыңа қоңырау шалып алған жақсы. Жақсы жаңалық түскен бойда көлікке мінген жедел «бригада» сол жаққа аттанады.

Сенбі күні Балықшыдан балық ауладық. Бірде бір қармақ қаппады. Сол жердегі жергілікті тұрғынның айтуынша, таңертең ерте ММС маңында балық аулау аймағы мен қорық аймағының арасындағы шекарада қаракөз балығы жақсы түскен. Масақұрт пен шыбынқұртты сол жердегі балықтар қалай қабатынын байқау үшін жексенбі күні таңертең шығамыз деп шештік.

Сағат 9-да сол жерге келіп, қармағымызды салдық...

Сол кезде досым Петр қоңырау соғып, Мечников-Баймұханов көпірінің маңындағы Бірінші учаскеде қаракөз бен айнакөздің жақсы қауып жатқанын айтты. Нұрбек: «Машинаға мініңдер!» деп әмір етті. Біздің әңгімемізді кездейсоқ естіп қалғандар да біздің соңымыздан ерді.


Сол жақ жағалаудағы көпір жанынан жалтырауық қармақпен балық аулап отырған жиырма шақты адамды көрдік. Ағыс бойымен жоғарыда олардан жүз метрдей қашықтықта мұз бетінде тағы жүз шақты адам отыр.

Қолдарын ербеңдеткен қимылдарынан олардың балықты балансирмен аулап жатқанын білдік.

- Ана жерде қылышбалық жүріп жатыр, сол жаққа барайық, - деді Петро.

- Осы жерден аулайық.

Балық аулаушылар картоптың тор қапшығына оралған жемдерін, біреуі дайын жемді, кейбірі майдаланған асшаянды пайдаланды.

Балықтың қабуы сағат 10-ға дейін созылды, содан кейін ештеңе түспеді... Жолы болғыштарға 3-4 қаракөз бен он шақты тыран балығы түсіп үлгерді. Ал жақын жерде балансирмен аулағандардың қарасы көбейді. Жігіттердің бірі әскери бинокльін шығарып:

- Ешкім шығарып жатқан жоқ. Егер бірі шығарса, оған бәрі жақындар еді, - деді.

Біз қала сыртына балық аулауға шыққан таныстарымызға соңғы рет, бақылау ретінде қоңырау шалдық. Махамбетте, Талдыкөлде, Бакланда тыныш екен. Сөйтіп, үйлерімізге тарастық. Үш балық та жаман емес. Үйдегілер дәмді, алғашқы қаракөзден дәм тататын болды. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

11 ақпан 2019, 16:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.