Атырау, 19 сәуір 21:33
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​90 мың кәсіпкер салықтық рақымшылыққа ілінді

1 706 просмотра


Қаржы министрлігі бизнестің 130 млрд теңге өсімақы мен айыппұлын жояды. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Министрдің айтуынша, салықтық рақымшылық аясында 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, берешек төленген жағдайда салық төлеушілердің дербес шоттарында есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдар жойылады. «Бүгінгі таңда 28 мың салық төлеуші 5,9 млрд  теңгеден астам берешегін өтеген. Тиісінше, 1,1 млрд теңге өсім және 100 млн теңге айыппұл есептен шығаруға жатады»,-  деді ол. 

Жалпы, оның дерегінше, салықтық рақымшылыққа 210 млрд теңге борышы бар шамамен 90 мың шағын және орта бизнес субъектілерінің салық төлеушісі ілінген. «Бұл борыштар төленген кезде Қаржы министрлігі 130 млрд  теңге өсімақы мен айыппұлды алып тастайды»,- деді Ә.Смайылов.  

Дереккөз: inform.kz

11 ақпан 2019, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.