Атырау, 23 желтоқсан 12:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Юлия Галышева фристайл-могулдан әлем чемпионы атанды

2 266 рет қаралды


Американың Парк-Сити қаласындағы әлем чемпионатында могулдан әйелдер арасындағы чемпион анықталды. Қазақстандық Юлия Галышева әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.  

Бұл – Юлияның әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісі. Финалда біздің спортшы 79.14 ұпай жинап, қарсыластарына шаң қаптырды.

Күміс жүлде австралиялық Энтони Джакараның еншісінде (78.99 ұпай). Олимпиада чемпионы Перрин Лаффон 78.70 ұпаймен қола жүлде иегері атанды. Ерлер арасында жерлесіміз Павел Колмаков финалдық кезеңге өткен болатын. Алайда үздік алтылыққа ене алмай, әлемдік сынды 16-орынмен аяқтады.  

Ал Аяулым Әмренова, Александр Геберт және Сергей Романовтар іріктеуден өткен жоқ.  Еске сала кетейік, құрама көшбасшыларының бірі Дмитрий Рейхерд жарақатына байланысты әлем чемпионатынан сырт қалды. 

Дереккөз: 24.kz

9 ақпан 2019, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.