Атырау, 23 желтоқсан 10:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Халықаралық іздеуде жүрген әйел Қазақстанға жеткізілді

1 638 рет қаралды


Ол 9 миллион теңгеге жуық сомаға мемлекетке залал келтіріп, сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салған. Қазақстанның Бас прокуратурасы және ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Доминикан Республикасынан қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Марина Орумбаеваны (Невская) экстрадициялады.

Марина Орумбаеваны Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі іздеген. Оған 9 миллион теңгеге жуық сомаға мемлекетке залал келтіре отырып, сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды деген айып тағылды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Орумбаева қылмыстық қудалау органынан жасырынған және халықаралық іздеуде болған.

Қазақстан мен Доминикан Республикасы арасында ұстап беру туралы екіжақты келісімнің болмауына қарамастан, Бас прокуратураның сұрауын шетел билігі қанағаттандырды. 

Қазіргі уақытта Орумбаева Астана қаласының тергеу изоляторында отыр. 

Дереккөз: sputniknews.kz

9 ақпан 2019, 11:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.