Жайықтағы өткен жылдың желтоқсанында балықтардың қырылуына әкеліп соққан ластанудан тазару үшін тасқын судың күшті ағыны қажет.
Жайық-Каспий бассейндік су шаруашылығы инспекциясының басшысы Ғалидолла ӘЗИДУЛЛИННІҢ айтуынша, Жайықтың жоғарғы жағында қар қалыптан көп жиналған. Бірақ топырақтың күзгі ылғалдануы - 50%. Сондықтан егер көктем суық болса, онда ылғалдың көп бөлігі жерге кетеді, жылы болса, қар тез еріп, өзен арнасына су көп құйылады.
Ал көктемгі өр суы кезінде Ириклинск су қоймасына құйылатын су көлемі 0,8 текше километр шамасында болады деп болжанып отыр. Бұл «ыдыстың» сыйымдылығы - 700 миллион текше метр. Сондықтан бүкіл өр суы оны толтыруға кетуі мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды. Біздің қазіргі жағдайымызды ескермей, су қоймасын ернеуіне дейін толтырар ма екен?
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ