Атырау, 10 желтоқсан 17:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 514.74
€ 599.36
₽ 6.71

Балалы ананы қағып өлтірген жүргізуші 5 жыл алды

2 469 рет қаралды


№2 Атырау қалалық соты 19 жастағы А. Досмағамбетовке қатысты үкім шығарды. Ол өткен жылдың 22 қыркүйегінде қала сыртындағы Құрсай ауылында 37 жастағы ананы 3 жасар ұлымен қағып өлтіріп, 5 жасар қызға жарақат салған болатын.  

Іс 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын айыруды қарастыратын ҚР ҚК 345-бабының 4-тармағы (Екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша тергелді.

7 ақпанда сот А.Досмағамбетовті кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті және марқұмдардың туыстарына 3 миллион теңге төлеуге міндеттеді.

Фархат ӘБІЛОВ

8 ақпан 2019, 14:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.