Атырау, 19 ақпан 04:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.30
€ 578.94
₽ 6.38

​Перу мен Чилидегі елді мекендерді су басты

1 813 рет қаралды


Перу мен Чилиде нөсер жауыннан өзендер арнасынан асып, елді мекендерді су басты. Перуде табиғат апатынан 10 адам қаза тауып, 14 тұрғын жарақат алды.

1 жарым мың үй мен 20-дан астам көпір бүлінген. Әсіресе ауыл шаруашылық алқаптарына көп нұқсан келген. Жергілікті билік жапа шеккен аудандарға ондаған мың тонна азық-түлік жеткізуде. 

Чилиде де дәл осындай жағдай. Мұнда тасқыннан көптеген тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Бірақ әзірге табиғат апатынан қанша адамның зардап шеккені туралы ақпарат жоқ.

Дереккөз: 24.kz

8 ақпан 2019, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.