
Алматыда Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен Girne Amerikan Üniversitesi, Clobal Career Institute өкілі, Multicultural Summer School басшысы, Əзірбайжан-Кипр Достық қауымдастығының басшысы Орхан Хасаноғлұ, Солтүстік Кипрдегі қызметтестері Анар Хасанов мен Гүнай Алиева-Хасанова БАҚ өкілдерімен кездесті.
Әзірбайжан елінің ғалымы, филология ғылымдарының докторы Орхан Хасаноғлұ латын əліпбиіне көшуге дайындалып жатқан Қазақстанға ғалым ретінде кеңес беруге әзір екенін мәлімдеді.
Сонымен қатар, дəстүрлі журналистика мен жаңа медиа арасындағы айырмашылықтар, ерекшеліктер мен жаңа мүмкіндіктер туралы, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ортақ жобалары, Қазақстандағы бакалавриат, магистратура, доктарантурада оқып жүрген жастар үшін ұсынылатын мүмкіндіктер, Multicultural Summer School дағы білім мен білік, Əзірбайжан-Кипр Достық қауымдастығының жаңа жобалары жайлы əңгімеледі.
Кездесу барысында бірқатар келісімшарттарға қол қойылып, биылғы жазда отандық БАҚ өкілдері үшін Солтүстік Кипр аралында жаңа жобалар жасалынбақ.
В Атырау +2