
- Біз вахталық әдіспен жұмыс істейміз. 28 күн жұмыстамыз, 14 күн демаламыз. Жаңғала ауданынан осы Ақсайға 400 шақырым жерден келіп жұмыс істеймін. Бетондаушымын және айлығым - 160 мың теңге. Табысым отбасыма мүлдем жетпейді, - дейді есімін атағысы келмеген жұмысшылардың бірі.
Компанияның атқарушы директоры Алтын Кулбаева Азаттыққа наразылықтың болғанын растады. Оның сөзінше, үш сағатқа созылған наразылықтан кейін екі жақ ортақ мәмлеге келген.
- Наразылық білдірген жұмысшылар айлығы мен жұмысына қатысты бұған дейін арызданған жоқ еді. Неліктен бұлай аяқастынан шыққанын білмеймін. Жиналғандар 160-250 мың теңге айлық алады. Әр жұмысшымен жеке сөйлесіп айлығын көтеретін болып келістік. Жалақы қанша пайызға өсетінін айта алмаймын, коммерциялық құпия, - деді компания өкілі.
Ал Азатық тілшісімен сөйлескен жұмысшының сөзінше, жұмыс беруші айлықты 50 пайызға дейін көтеруге уәде берген. Қазір барлық жұмысшы жұмысқа істеп жатқаны хабарланды.
KKS-SICIM - газ құбырын төсеумен айналысатын және газ шығаратын зауыттардың құрылысын салатын компания.
Дереккөз: azattyq.org
В Атырау +2