Атырау, 1 наурыз 18:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 497.56
€ 586.92
₽ 6.44

​Қазақстанда 083, 086 анықтамаларынан бас тарту ұсынылды

1 842 рет қаралды


Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев № 083, № 086 анықтамаларынан бас тартуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Соңғы уақытта азаматтар № 083, № 086 анықтамаларын жинаудың қандай қажеті бар екенін айтып жүр. Бұл құжаттар шешім шығаруға еш әсерін тигізбейді. Оған қоса, осы анықтамалардың заңсыз сатылымы индустрия түрінде дамыған", - деді Шпекбаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа жиынында.  

МҚІСЖҚА басшысы елімізде мемлекеттік қызмет түрлерін одан әрі жақсарту қажеттілігін айтты. 

"Мен ұсыныстарым осы, қажетсіз құжаттарды қысқартайық", - деді Алик Шпекбаев.

Дереккөз: tengrinews.kz

7 ақпан 2019, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.