Атырау, 23 желтоқсан 10:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Кеңес алдына өте маңызды мәселе қойылды - Мәми

2 082 рет қаралды


Бүгін 2019 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясының  42-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы өтініші бойынша Конституциялық Кеңестің отырысы өтті. 

Бұрын хабарланғандай, өз өтінішінде Мемлекет басшысы мына сұраққа жауап беруді сұрайды:

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабының 3-тармағында белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату негіздерінің тізбесі толық болып табылады ма?».

Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми отырысты аша отырып, Кеңестің алдында Негізгі Заңды, шет елдердің конституциялары мен қозғалған тақырып бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жан-жақты талдауды талап ететін өте маңызды мәселе қойылғанын атап өтті.

Кеңес құрамы Үкімет, Парламент Сенаты, Мәжілісі, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура және Әділет министрлігі өкілдерінің пікірлерін тыңдады.

Еліміздің белгілі құқықтанушы ғалымдары, заң ғылымдарының докторлары, профессорлар сарапшылар ретінде өз қорытындыларын ұсынды. Олар:
- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті заң факультетінің деканы Сәуле Көшкенқызы Амандықова;
- КАЗГЮУ Университеті құқықтық саясат, конституциялық заңнама және мемлекеттік басқару мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының жетекшісі Сергей Федорович Ударцев;
- Құқықтық зерттеулер және мемлекеттану институтының директоры Еркін Қинаятұлы Көбеев.
Отырысқа қатысушылардың талқылауы мен жауаптарынан кейін Конституциялық Кеңестің құрамы кеңесу үшін шығып кетті.

7 ақпан 2019, 12:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.