Атырау, 23 желтоқсан 10:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Димаш Құдайберген Америка жұртшылығын аузына қаратты

Бейнежазба
2 235 рет қаралды


Дарындылар шоуының әділ қазылары қазақстандық орындаушының өнеріне жоғары баға берді. Бүкіл әлемге танылған қазақстандық әнші Димаш Құдайберген америкалық The World's Best ("Әлемнің үздігі") шоуында бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 98 ұпай жинады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Желіде байқаудың әділ қазылары Димаштың өнерін бағалап жатқан сәті түсірілген видео жарияланды. Видеодан үш әділ қазының да Димашқа 50 ұпай қойғаны, ал түрлі саладан жиналған 50 сарапшы қазақстандық әншіге 98 балл бергені көрінеді.

Жас әнші шоудың бірінші кезеңінде SOS d'un terrien әнін орындаған.

Айта кетсек, қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген қатысқан таланттар шоуының алғашқы кезеңі CBS телеарнасында бүгін Астана уақытымен таңғы 7.00-де трансляцияланды.


Дереккөз: sputniknews.kz

7 ақпан 2019, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.