Атырау, 7 мамыр 13:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Қазақстандық жас-жұбайлар үйлену тойын ерекше өткізіп, елдің алғысын алды

1 958 просмотра


Астаналық екі ерікті қомақты қаржыны қажет ететін салтанаттан бас тартып, қайырымдылыққа атсалысты. Астаналық ғашықтар үйлену тойларын қымбат мейрамханада емес, мектеп-интернатта балалармен бірге атап өтуді жөн көрді, деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".  

Дидар Сәтбаев пен Лаура Жүнісбекова – қайырымдылық кезінде танысқан еріктілер. Олар интернат тәрбиеленушілеріне сурет салу және жауынгерлік әдістерді меңгеруден тегін сабақ береді. 

Екі ғашық үйлену тойларын дәстүрлі түрде тойлағысы келмеген.

"Қомақты қаржы жұмсап, асыр салып той жасағанша, мектеп- интернаттың  балаларына сыйлық жасағымыз келді. Бұл бірауыздан келісілген шешім. Балаларға қуаныш сыйлап, көңіл-күйін көтеріп, көмектескіміз келген соң тойдан бас тарттық", - деді Дидар Сәтбаев  өз шешімін түсіндіре келе.

Қайырымдылық кезінде танысқан еріктілер – Дидар мен Лаура

Ол айтып өткендей, бұл шешімге  олардың туыстары да түсіністікпен қарап, қолдау көрсеткен.

"Мен үшін  ең  бастысы – біз үшін атаулы күнді бірге мерекелеп, қуанып жүрген балғындардың эмоциясы. Біз жастарды мейрамханаларда жасалатын тойларға миллиондап ақша кетіргенше, қаржыны игі істерге бағыттауға шақырамыз", - деді Лаура.

Айта кетейік, өз тойларында жас-жұбайлар сыйлық қабылдамай, керісінше өздері таратты. Олар интернат тәрбиеленушілеріне бокс "грушасын" сыйлады.

Дереккөз: sputniknews.kz

7 ақпан 2019, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.