Атырау, 23 желтоқсан 10:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Астана және Қарағанды өткен түні жер бетіндегі ең суық қалалар қатарында болды

2 587 рет қаралды


Ақпанның 7-не қараған түні Астана мен Қарағанды жер бетіндегі ең суық 10 қала қатарына енді, - деп хабарлайды Wx-now.com.  

Тізімде алдыңғы үштікте Шеперд (Канада), Сургут (Ресей) және Лейк (Канада) қалалары тұр. Қарағандыда сынап бағанасы ауа температурасы 38 градус төмен болғанын көрсетті. Астана 11-орынды иеленді. 

Қалада ауа температурасы -37 градус болды. Тізімде 15-орынға АҚШ-тың Солтүстік Каролинасында орналасқан Кеймбридж-Бей қаласы тұрақтады. 

Астананың Білім басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері 7 қаңтарда бірінші аусымда мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне сабақ өткізілмейтінін хабарлаған.

Астанада алдағы күндері ауа райы суық болатындығы хабарланған. 7 қаңтарда бұлтты, жауын-шашын болмайтыны айтылды. Шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 2-7 метр болатыны айтылды. 

Түнгі уакытта ауа температурасы -35 -37 градусты көрсетіп тұр, таңғы уақытта -25-27 градус. Синоптиктердің мәліметінше тек сенбі күні ауа температурасы 12 градусқа дейін төмендейді.

Дереккөз: tengrinews.kz

7 ақпан 2019, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.