Атырау, 23 желтоқсан 12:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​382 млн теңге жымқырған қарағандылық Болгариядан экстрадициялады

2 002 рет қаралды


Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасы және ІІМ Интерполы Максим Леонтьевті қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Болгариядан экстрадициялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Ұсталған азамат 2012-2017 жылдар аралығындағы кезеңде  Қарағанды облысы Ақтау қаласындағы «Central Azia Cement» АҚ-да өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы кәсіпорынның 382 млн. теңге сомасына ақшалай қаражатын жымқырғаны үшін күдікті», - делінген хабарламада. 

Леонтьев қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып үлгерген, осыған байланысты оған халықаралық іздестіру жарияланған. 

«Адамды экстрадициялау қазақстандық құқық қорғау органдарының Болгарлық әріптестерімен үйлесімді әрекеттерінің арқасында мүмкін болды», - делінген хабарламада. Қазіргі таңда, күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Дереккөз: inform.kz

7 ақпан 2019, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.