Данияда Қытайдың ең ірі телекоммуникация компаниясының Huawei-дің қызметкерлері елден қуылды. Дания үкіметі оларға елдегі еңбек және елде тұру туралы заңды бұзды деген айып таққан.
Мәліметтерге қарағанда, Данияның көші-қон полиция тараулары Huawei компаниясына жүргізген тексеру кезінде компанияның 4 қызметкерін елдегі еңбек және елде тұру заңына қайшылық жасағанын анықтаған. Копенгаген полиция тараулары жасаған мәлімдемеде, олардың екеуі елден қуылып, қалған екеуіне тергеу-тексеру жұмыстары жалғасып жатқанын айтады.
Дегенмен, Дания полиция тараулары еңбек және елде тұру заңын бұзған азаматтардың бұған дейін Huawei компаниясына тағылған «тыңшылық» айыптарымен қатысы жоқ екенін алға тартады.
Дереккөз: “The Qazaq Times”