Атырау, 19 желтоқсан 14:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

​НАТО мен Македония альянсқа қосылу туралы хаттамаға қол қойды

1 875 рет қаралды


НАТО-ға мүше мемлекеттердің елшілері Македонияның альянсқа қосылуы туралы хаттамаға қол қойды. Салтанатты рәсім сәрсенбі күні Брюссельдегі штаб-пәтерде өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі. 

Құжатты барлық елдер ратификациялағаннан кейін, Македония бақылаушы ретінде НАТО отырысына қатыса алады. «Бұл процесс сәтті өтетініне сенімдімін», - деді Альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг. 

Ратификация биыл аяқталуы мүмкін. Македония желтоқсанда Лондонда өтетін альянс саммитінде ресми түрде НАТО-ның 30-шы мүшесі атанады. Македонияға елдің атауын Солтүстік Македония Республикасы деп өзгерткеннен кейін Альянсқа қосылу мүмкіндігі берілді. 

Грекия осы елдің атауында Грекияның Македония өңірі қайталанғанын алға тартып, оның НАТО-ға мүшелігіне қарсылық білдірген болатын. Грекия Македонияның НАТО-ға қосылуы туралы хаттаманы алғаш болып бекітпекші. Содан кейін Македония ресми түрде атауын Солтүстік Македония деп өзгертіп, бұл туралы БҰҰ-ға хабарлайды.

Дереккөз: inform.kz

6 ақпан 2019, 17:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.