Атырау, 7 мамыр 09:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +22
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​«First Heartland Securities» АҚ Цеснабанк акцияларының бақылау пакетін сатып алды

1 766 просмотра


«Цеснабанк» АҚ аграрлық секторға қолдау көрсету және «Цеснабанк» АҚ-тың қаржылық орнықтылығын арттыру үшін қандай шаралар қолға алынып жатқанын жария етті. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Ұлттық Банк пен ҚР Үкіметі бекіткен «Цеснабанк» АҚ-тың қаржылық орнықтылығын арттыру және аграрлық секторға қолдау көрсету шараларына сәйкес, «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ «Цеснабанк» АҚ-тан 604 млрд теңге сомаға ауыл шаруашылығы кредиттерінің портфелін сатып алған болатын. 

«Цеснабанк» АҚ-тың үлесіне валюталық кредиттер түріндегі жүктемесі бар агроөнеркәсіптік саладағы кредиттік портфелдің 65 пайызы тиесілі екендігі белгілі. Сыртқы нарықтардағы жылдам өзгеретін ахуалдың қысымымен ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қаржылық орнықтылығы нашарлады. Өз кезегінде бұл банктің қаржылық орнықтылығына әсер етті», - делінген «Цеснабанк» АҚ хабарламасында. 

Банктен хабарланғандай, жүргізілген шаралар нәтижесінде банктің капиталына жаңа инвестор тартылып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге қосымша қолдау көрсету және олардың жылдам қалыпқа келуі үшін жағдайлар жасалған. 

«Қол жеткізілген уағдаластықтар шегінде «First Heartland Securities» АҚ (бұдан әрі - FHS) «Цеснабанк» АҚ акцияларының бақылау пакетін сатып алды. Ұлттық Банк пен Үкімет іске асырған шаралар кешені және «Цеснабанк» АҚ-қа жаңа инвестор тарту амалы «Цеснабанк» АҚ-ты қалыпқа келтіруге мүмкіндік берді. Банкте қазіргі уақытта Ұлттық Банктің ең төменгі талаптарынан асатын капиталдандыру және өтімділік көрсеткіштері, кредиторларға қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ететін, теңгемен ұзақ мерзімді қорландыра алатын тұрақты қор бар», - делінген хабарламада. 

«Цеснабанк» АҚ-ты қаржылай қалыпқа келтіру жоспары қазіргі акционерлерінің теңбе-тең қатысуымен не жаңа инвесторларды тарта отырып мемлекет тарапынан қолдау көрсетудің негізділігі, провизиялардың, капиталдың және өтімділіктің тәуекел-бейініне сәйкес келетін қажетті қорын жасау қағидаттарымен, тиімді менеджментті тарта отырып, қаржы институтының бизнес-моделін кейіннен өзгерту арқылы іске асырылмақ. ««Цеснабанк» АҚ өзінің салымшылары, кредиторлары мен инвесторлары алдындағы міндеттемелерін орындап жатқан, орнықты қаржы институты ретінде жұмыс істеуін жалғастырады. «Цеснабанк» АҚ-тың одан әрі даму стратегиясын FHS акционерлері айқындайтын болады», - делінген банктің хабарламасында.

Дереккөз: 24.kz

6 ақпан 2019, 17:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.