Атырау, 17 ақпан 12:58
Кешке бұлыңғыр болады-1, түнде 0
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 376.37  € 424.02  P 5.63

Спорт жаңалықтары

7 ақпан 00:00

ХОККЕЙ 


«Бейбарыс» хоккей клубы Петропавлда «Құлагерге» қонаққа барып, чемпионаттың кезекті екі кездесуін өткізді.

Екеуінде де жеңіске жетті: 5:2 (Дмитрий Степанов, Вадим Митряков, Алексей Скабелка, Константин Куликов, Евгений Чемерилов) және 3:1 (Антон Некряч, К.Куликов, Е.Чемерилов) есебімен турнир кестесінде алдыңғы қатарға көтерілді.


КАРАТЭ

Республикалық кекушинкай-кан каратэе-до федерациясының Атырау филиалының командасы балалар арасындағы Ақтөбе облысының ашық чемпионатына қатысты. Көпшілігі бұл сапардан алқамен оралды.

Турнирдің алтын алқаларына Мансұр Дайыр, Егор Тумин, Маргарита Баландина , Саян Мұсағалиев, Ярослав Гончаров, Кирилл Ким, Богдан Панков, Илья Мун, Владислав Шишов, Нұрхан Мұратов, Расул Бауыржанов, Бекжан Сағытжан, Ильхам Берік, Нұржан Елемес пен Нұрдәулет Амангелді ие болды.


ТАЭКВОНДО

Талдықорғанда жастар арасында ҚР чемпионаты өтті.

Атырау командасының қыздары ғана алқа тақты.

63 келіге дейінгі салмақта Нұрай Хусаинова алтын алқа, Нұрай Бауыржанова (42 кг дейін), Ботакөз Бекмамбетова (49 кг дейін) және Диана Абсенова (59 кг дейін) қола алқа иеленді. Төртеуі де ҚР құрамасының құрамына алынды.  Н.Хусаинова Азия чемпионатына жолдама алды.

* * * * *

БАӘ-де таеквондодан Fujairah Open халықаралық турнирі өтті. ҚР құрамасы бұл жерде 6 алтын алқа иеленді.

Атырау облысының намысын қорғаған Жансел Дениз өзін тамаша көрсетті. Ол 73 келіге дейінгі салмақта алтын алқаға тақты. 

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

198 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

1 2 3