Атырау, 8 мамыр 06:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​Алматы полициясы Ілияс Кардың ісіне қатысты мәлімдеме жасады

1 525 просмотра


Алматыда полиция өкілдері 2018 жылы желтоқсанда жол апатын жасаған Ілияс Кардың ісі туралы айтып берді. Болған жол апатынан үш адам қаза тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі полиция департаментінің баспасөз өкілдеріне сілтеме жасап. 

"Қылмыстық істің тоқтатылғаны жайлы ақпарат жалған. Бұл қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. Ол ұсталғаннан кейін әлі қамауда. Біз адамдардан тек ресми ақпарат көздерінен жарияланған жаңалыққа сенуді сұраймыз және жалған ақпараттың таралуына себепші болмаңыздар деп айтқымыз келеді", - дейді полицияның баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек. 

Құқыққорғаушылар БАҚ немесе басқа да желі арқылы таралған жалған ақпарат үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін мәлімдеді. 

Айта кетейік жол апаты 29 желтоқсанда болды. Сейфуллин және Абай даңғылдарының қиылысында Mercedes Gelandewagen мен Mitsubishi Galant соқтығысқан. Нәтижесінде жеңіл автокөлік қарсы бағытқа шығып кеткен. 

Кейін желіде жол апатының бейнежазбасы таралған.  Жол апатынан үш адам қаза тапты. Олардың ішінде Mitsubishi Galant көлігінің жүршізушісі және екі жолаушы бар. Қайтыс болғандардың бірі актриса Шолпан Елгезекова. Айзада Сатыбалдиева да өте ауыр жағдайда реанимацияға жеткізілген. 

Біршама уақыттан кейін қайтыс болған адамдардың туыстары сотқа берілген іс бойынша қосымша ақпарат берді. Олардың айтуынша, сараптамада Ілияс Кардың ішімдік ішпегені анықталған. Оған қоса ол полицияға өз еркімен келген. Бірақ полиция өкілдері бұл ақпаратты растамады. 

Олар Ілияс Кардың жол апаты болған жерден қашып кеткенін, бірақ мас күйінде бір тәуліктен кейін ұсталғанын айтты.

Дереккөз: tengrinews.kz

6 ақпан 2019, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.