Атырау, 13 қаңтар 19:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 509.84
€ 595.75
₽ 6.47

Қазақстанда жолаушылар пойызы қатты аязға байланысты станцияға қайта оралды

1 973 рет қаралды


Қызыл шұнақ аяздың салдарынан "Жолаушылар тасымалы" АҚ шұғыл шара қабылдауға мәжбүр болды.  Қызылорда – Астана бағытындағы пойыз қатты аязға байланысты тоқтатылды, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

Күрделі ауа райы жағдайына – 35 градус аязға байланысты Астана – Қызылорда бағытындағы №92 пойызды Айса стансасында тоқтатып, оны Қарағандыға қайтаруға шешім қабылданды.  

Тасымалдаушы компания барлық жолаушы қалаға келген соң билетін қайтарып, 100% құнын өндіріп алатынын хабарлады. Қызылордаға сапарын жалғастырғысы келетіндер Астана - Сарыағаш бағытындағы №86 пойызға отыра алады. Тоқтатылған пойыздың жолаушылары үшін бұл құрамаға алты купе вагон қосылды.

Қарағанды стансасында қайтарылған билеттерді қабылдауға қосымша кассирлер жұмысқа шығады. Олар Астана - Сарыағаш немесе өзге пойыздармен сапарын жалғастыруға келіскен жолаушыларға билетті қайта рәсімдей алады.    

Сондай-ақ ұлттық тасымалдаушының баспасөз қызметі құрамадағы жолаушылар үшін тегін тамақ беріліп, бар жағдай жасалатынын атап өтті.

Дереккөз: sputniknews.kz

6 ақпан 2019, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.