Атырау, 6 мамыр 12:07
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Гауһар Әлімбекова бостандыққа шықты

2 647 просмотра


Бұл туралы әнші Ақбота Керімбекова Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Әнші Гауһар Әлімбекова бостандыққа шықты, деп хабарлайды Today.kz.

Бұл туралы әнші Ақбота Керімбекова Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. 

Гауһарды абақтыдан алып шыққандар арасында "Жігіттер" тобының продюсері Ерғали Әбдірайымов пен Ақбота Керімбекова бар.

Stan.kz сайтының хабарлауынша, Гауһар сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін қолхатпен уақытша босатылған. 

Бұған дейін Гауһар Әлімбекованың қорғаушысы қаланың Алмалы аудандық сотына әншіні қамауда ұстау туралы бұлтарпау шарасына қатысты өтініш түсіріп, оны сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін қолхатпен босату туралы сұраған. Бүгін, 4 ақпанда, сот өтінішті қанағаттандырды.

"Сот Әлімбекованың сотқа дейінгі тексеру барысында бұлтартау шараларын бұзбағанын, тұрғылықты мекенжайы бар екенін және осыған дейін сотты болмағанын ескерді", – дейді Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Естеріңізге салайық, Гауһар Әлімбекованың үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің 190 бабы "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Сот әншіні кінәлі деп танып, алты жылға бас бостандығынан айырды

Дереккөз: today.kz

5 ақпан 2019, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.