Атырау, 6 мамыр 02:06
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Назарбаев өрттен қаза болған бес баланың ата-анасына көңіл айтты

2 010 просмотра


Президент үкімет пен Астана қаласының әкіміне зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуді тапсырған. Қазақстан президенті Астана қаласындағы өрт салдарынан қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда.

"Кеше Астанада ауыр қайғылы оқиға болды. Өрт салдарынан бір отбасы бес бірдей перзентінен айырылып қалды. Қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтамын", - деді мемлекет басшысы.

Осыған байланысты президент үкімет пен Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановқа зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуді тапсырғанын айтты.

"Барлық өңірдің әкімдері құзырлы органдармен бірлесіп, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылауды күшейтуі керек, сондай-ақ тиісті тексерістер ұйымдастырып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Мұндай жағдай қайталанбас үшін барлық тиісті шараларды қабылдаған жөн", - деді Назарбаев.

Дереккөз: sputniknews.kz

5 ақпан 2019, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.