Атырау, 6 мамыр 08:20
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Астанада өрттен мерт болған сәбилерді жерледі

2 156 просмотра


Астанада жеке үйдегі өрттен мерт болған кәмелет жасына толмаған бес баланы жерледі. Аязды күні Көктал-1 шағын ауданында далада өткен қоштасу рәсіміне жүздеген адам жиналды. Негізінен қарапайым тұрғындар қатысқан азалы шарада ресми тұлғалардан ешкім байқалмады.

Өрт салдарынан ажал құшқан бір отбасындағы бес қыз баланың жаназасы шығарылғаннан кейін оларды қала маңындағы зиратқа жерлеуге алып кетті.

Еске салсақ, 4 ақпанға қараған түні Астананың Көктал-1 шағын ауданында Шыңғыстау көшесіндегі жеке үйдің ауласындағы уақытша баспана өртеніп, бір отбасының бес баласы ажал құшқан.

Өрттен соң Астана әкімі Бақыт Сұлтанов шұғыл кеңес өткізіп, аудан әкімдерінен полиция және төтенше жағдайлар департаменттерімен бірлесіп дереу қаладағы жеке тұрғын үйлерді аралап шығуды және әр үйдің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексеруді талап еткен.

Дереккөз: Азаттық


5 ақпан 2019, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.