Атырау, 6 мамыр 14:29
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

​​Бақыт Сұлтанов: Өрттен қаза тапқан 5 баланың ата-анасына барлық көмек көрсетіледі

2 045 просмотра


Өрттен қаза тапқан 5 баланың ата-анасына барлық көмек көрсетіледі. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов айтты,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Бүгінгі күні Астана қаласы әкімдігі тарапынан барлық тиісті көмек берілуде. Атап айтқанда, жерлеу рәсімі, ас беру ұйымдастырылып, материалдық және психологиялық тұрғыда  көмек көрсетілуде. Тиісті комиссия құрылды. Қазіргі күні ата-аналарымен де жұмыс жасап жатырмыз. Ары қарай қандай  жәрдем көрсетілетіндігі келесі шараларда қабылданатын болады. Жан-жақты көмек көрсетіледі», - деп атап өтті қала басшысы. 

Сонымен қатар ол бұл мәселенің қайталануына жол бермеу үшін тиісті жұмыстар да жүйелі жасалып жатқанын айтты.

«Ауа райының күрт суытуына орай жер үйлерде пешті жылытуға барынша қосуға байланысты өрт  шығу мүмкіншілігі артуда. Сондықтан бұл жағдайлардың алдын алу үшін аудан әкімдеріне, төтенше жағдайлар департаментінің, полиция департаментінің басшыларына бірлесіп, түнгі рейд жүргізу жұмыстары тапсырылды. Ал күндізгі барлық от жағып отырған жер үйлер мен нысандардағы тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау түсіндіріліп, тексеру жүргізу жұмыстары жалғасатын болады»,  - деді Бақыт Сұлтанов. 

Еске сала кетейік, 4 ақпан күні түнде елорданың Сарыарқа ауданындағы «Көктал-1» тұрғын үй алабында жеке үйдің ауласында тұрғызылған уақытша баспанада өрт шықты. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылғы 5 қыз баланың денесі табылды. Олардың кішісі небәрі үш айлық сәби еді. Өрт кезінде бес баланың ата-анасы түнгі жұмыста болған.

Дереккөз: inform.kz

5 ақпан 2019, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.