Атырау, 6 мамыр 04:07
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

​Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі өзгерді

2 749 просмотра


2019 жылы қаңтарда ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері 26 915 теңге болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы қаңтарда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,8 пайызға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 20,5 пайыз, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқа 16,5 пайыз, жемістер мен көкөністер 8,3 пайыз, нан және жарма өнімдері 7,5 пайыз, қант, шай және дәмдеуіштер 2,2 пайыз болды.  

Ең төмен күнкөріс деңгейі - шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. 

Ол азық-түлік себетінен және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады. Ең төмен күнкөріс деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну себеті құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген.

Дереккөз: tengrinews.kz

4 ақпан 2019, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.