Атырау, 6 мамыр 06:07
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

​Елбасы Жарлығымен табиғат қорғаушы инспекторлар марапатталды

1 401 просмотра


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен табиғат қорғаушы инспекторлар марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 

1. Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын: 

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен 

Ницык Петр Алексеевич - Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы 

Нұрғалиев Ерлан Балғабекұлы (марқұм) - Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы.  

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.   

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев    

Астана, Ақорда, 2019 жылғы 31 қаңтар № 830 

Еске сала кетсек, инспекторлар Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағында киік атқан «Тойота Лэнд Крузер» көлігіндегілердің соңына түседі. Оларды тоқтатқанда браконьерлер «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары П.Ницык пен Е.Нұрғалиевті соққыға жыққан.   

Ауыр жарақат алған Ерлан Нұрғалиев 15 қаңтарда Астананың №1 ауруханасында көз жұмған еді. Кейін Қызылорда облысындағы арнайы операциясының нәтижесінде жеке үйлердің бірінен Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты үш күдікті ұсталды.  


4 ақпан 2019, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.