Атырау, 23 желтоқсан 13:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Эксимбанк салымшыларына өтемақы төлеу басталады

1 826 рет қаралды


Эксимбанк салымшыларына 4 ақпан күні өтемақы төлеу басталады. Өтініштерді қабылдау және төлеу жұмыстары «Қазпоштаның» бөлімшелерінде осы жылдың 4 тамызына дейін жалғасады. Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының баспасөз-қызметі жариялады.

Мәліметтерге қарағанда банкте 361 салымшының 267 миллион теңгедей қаржысы болған. Оның 97 пайызы толық көлемде қайтарылады. Ал «Астана банкінің» салымшыларына қазірдің өзінде 31 миллиард теңге үлестірілді. 

Бұл жалпы қарыздың 80 пайызына тең. Банкте қаржысын сақтаған салымшылардың үштен бірінің есеп шотында 50 мыңдай ғана ақша болған. Тек 17,5 процентінде ғана 5 миллионнан астам қаржы сақталған.

Дереккөз: 24.kz

4 ақпан 2019, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.